Басты Жаңалықтар Трамп ОПЕК-ті мұнай бағасын түсіруге шақырды

Трамп ОПЕК-ті мұнай бағасын түсіруге шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп мұнай экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК-ті мұнай бағасын түсіруге шақырды. Бұл өтінішін Ақ үй басшысы әдеттегідей «Твиттер» арқылы жеткізген және Трамп мұндай мәлімдемені Америкада жанармай қымбаттап бара жатқанда жасап отыр. Бензин құнының өсуі қарашада өтетін Конресс сайлауы алдында республикалықтардың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Дегенмен, сарапшылардың ойынша, әлем нарығында мұнайдың қымбаттауына Трамптың өзі кінәлі. Өйткені, ол ядролық келісімнен шығып, Тегеранға қарсы санкцияларды қайта жариялап, Иранның мұнай экспортына тосқауыл қоюға күш салып жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу