Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Наджиб Разақ кепілдікпен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Наджиб Разақ кепілдікпен босатылды

05.07.2018

Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Наджиб Разақ 250 мың доллар кепіл ақша төлеп тұтқыннан босатылды. Және де ол екі дипломатиялық паспортын тапсыруға мәжбүр болған. Сонымен қатар, бүгін оның әйелі Росма Мансұр да сотқа барды.

Айта кету керек, Разақ кеше тұтқындалып, оған билігін асыра пайдаланды, ақша жымқырды, сенімді ақтамады, пара алды деген айып тағылды. Осы айыптардың әрқайсы үшін экс-премьер 20 жылға сотталуы мүмкін. Дегенмен, жасына байланысты оған дүре соғылмайды.

64 жастағы Разақ өзіне тағылған кінәлардың астарында саяси кек жатқанын мәлімдеді.

Айыпталушы мемлекеттік даму қорынан 700 миллион долларды өз есепшотына аудартты деген күдік бар. Сонымен қатар, ол қордан тағы 4,5 миллиард доллар жоғалып кеткен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу