Малайзияның бүгін сотқа жеткізілген бұрынғы үкімет басшысы Наджиб Разаққа кең ауқымды коррупцияға барды, мемлекеттік қордан ақша жымқырды деген айып тағылды. Бірақ, экс-премьер өзіне артылған сенімді ақтамады, билікті асыра пайдаланды деген кінәларды мойындамады.
Егер қылмысы дәлелденсе, Разақ осы төрт айыптың әрқайсысы үшін 20 жылға сотталуы мүмкін.
Айыпталушы мемлекеттік даму қорынан 700 миллион доллар ұрлады деген күдік бар. Сонымен қатар, бұл қордан тағы 4,5 миллиард доллар жоғалып кеткен.
Разақ мамырда өткен парламенттік сайлауда күтпеген жерден жеңіліске ұшырады. Ал, өткен айда жүргізілген тінту кезінде оның үйлерінен 273 миллион доллардың бағалы бұйымдары мен қолма-қол ақша тәркіленді.
Арыстан РЫСБЕК
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.