Басты Жаңалықтар Гавайда жанартаудан әлі лава төгілуде

Гавайда жанартаудан әлі лава төгілуде

Гавай аралдарындағы «Килауэа» жанартауынан лава әлі төгіліп жатыр. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, одан шыққан балқыған тастардың легі әзірге тоқтамайтын тәрізді.

Бұл вулкан мамырдың 3-де оянып, осы күнге дейін 600-дей үйді жалмап кеткен. Сондықтан, шамамен 280-дей адам баспанасыз қалды.

Президент Дональд Трамп оларға федералдық үкімет деңгейінде шұғыл жәрдем беру туралы құжатты өткен айдың ортасында мақұлдады.  

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Бөлісу