Мексикада өткен президенттік сайлауда Лопес Обрадор жеңіске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мексикада өткен президенттік сайлауда Лопес Обрадор жеңіске жетті

02.07.2018

Мексикада өткен президенттік сайлауда ел астанасының бұрынғы мэрі әрі солшыл кандидат Андрес Мануэль Лопес Обрадор жеңіске жетті. 64 жастағы үміткерге электораттың 53 пайызы дауыс берген. Оның негізгі бәсекелестері – Рикардо Кортес пен Хосе Меаде жеңілгендерін мойындады.

Мексикада бұл жолғы сайлау саяси жағдайдың ушығуымен, зорлық-зомбылықтың күшеюімен тұспа-тұс келді. Үгіт-насихат науқаны басталғалы, яғни, қыркүйек айынан бері мұнда 130 кандидат пен белсенді өлтірілді.

Обрадор сайлау алдында коррупциямен аяусыз күресуге уәде берді. Оның коалициясы Мексикаға ғасырға жуық басшылық еткен екі консервативтік партияны биліктен аластатуы мүмкін.

 

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу