Вьетнамда су тасқынынан 9 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вьетнамда су тасқынынан 9 адам қаза тапты

25.06.2018

Вьетнамда төпелеп жауған жаңбырдың соңы лай көшкіні мен су тасқынына ұласып, 9 адам қаза тапты. Тағы 12 тұрғын жоғалып кеткен.  Құрбандардың бәрі – Лай Чау, Ха Джиань, Динь Бинь провинцияларынан.  Мұны бүгін елдің апатпен күрес басқармасы хабарлады. Оның мәліметіне қарағанда, опат болғандардың саны өсуі мүмкін. Өйткені, ізім-ғайым кеткендерді енді табуға мүмкіндік шамалы.

Ресми ақпаратқа жүгінсек, тасқын мен лай көшкіні экономикаға 3,5 миллиард долларға жуық шығын әкелді.

Айта кетсек, Вьетнам мұндай оқиғалар алдында осал. Өткен жылы табиғи апаттардан бұл мемлекетте 389 адам адам мерт болып, 668-і із-түзсіз кеткен.

Арыстан РЫСБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу