Вашингтон 210 адамды «Путин тізіміне» енгізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтон 210 адамды «Путин тізіміне» енгізді

30.01.2018

АҚШ-тың Қаржы министрлігі «Путин тізіміне» Ресейдің 210 азаматын енгізді. Олардың 114-і Кремль басшысының айналасындағы ірі шенеуніктер, 96-сы – олигархтар. Сонымен қатар, баяндамада бұл адамдардың президентпен қаншалықты байланысты екені, олардың коррупцияға қатыстылығы мен байлығы жайында да мәліметтер келтірілген. Көптен күткен тізім Конгрестің сыртқы істер, қаржы және банк қызметі  палаталарында қаралғаннан кейін Ресей элитасына қарсы нақты шаралар қолданылуы мүмкін.

Ал, Ақ үйдің баспасөз хатшысы Хизер Науэрттің мәлімдеуінше, Трамп әкімшілігі Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне қарсы жаңа санкция жариялауды әзірге қажет деп таппаған. Дегенмен, оның сөзінше, Мәскеу «тұрақсыздандыру мен арандату әрекеттерін» тоқтатпаса, бұл мемлекетке жарияланған шектеу шаралары өз күшін жоймақ емес.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу