Әлемдік сауда айналымында 500 млрд долларлық жалған тауарлар бар

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD) таратқан деректеріне қарағанда дүние жүзіндегі сауда айналымының 2,5 пайызын жалған тауарлар құрайтын көрінеді. Кез келген заттың заңсыз көшірмесін жасап, оны саудаға шығаратын мемлекеттердің көшін Қытай бастап тұрса, екінші орында Түркия тұр. Бұл туралы OECD есебінде айтылған.
OECD зерттеулеріне сүйенсек бүгінде әлемдік сауда айналымындағы жалған тауарлардың жалпы құны жылына 500 млрд долларға жетеді екен. Әлем елдері импорттайтын жалған тауарлардың құны 2013 жылы 461 млрд доллар болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш әжептәуір өскен. Осылайша 17,9 трлн долларды құрайтын әлемдік сауда айналымының 2,5 пайызын жалған тауарлар құрап отыр.
Түрлі тауарлардың заңсыз көшірмесін жасап сатуға шығаратын елдердің көшін Қытай Халық Республикасы бастап тұр. Бұл ел жалған тауарлардың 63,2 пайызын шығарады. Ал, Түркияда мұндай тауарлардың 3,3 пайызы өндіріледі. Одан соң 1,9 пайыз көрсеткішпен Сингапур, 1,6 пайыздық үлеспен Тайланд, барлық жалған тауарлардың 1.2 пайызын шығаратын Үндістан мен бұл саудада 0,6 пайыз үлесі бар Марокко тізімге еніпті. Сондай-ақ, БАӘ, Пәкістан мен Мысыр да жалған тауар өндіретін елдердің қатарына кірген.
Жалған тауарлар айналымынан ең көп зиян көрген мемлекеттердің көшін АҚШ бастап тұр. Бұл елдегі тауар өндірушілердің 20 пайызы өздері шығарған өнімдердің жалған нұсқасынан зиян шеккен. Ал, Италия кәсіпорындарының 15 пайызы, Франция мен . Швейцарияның 12, Жапония мен Германияның 8 пайыз өндірушілері жалған тауар сататындардың кесірінен табыстан айырылыпты.
Бір атап өтетін жайт, жалған тауар өндіру ісі киім-кешек пен парфюмериядан бастап, машина жасау, химия өнеркәсібіне дейін жеткен. Әсіресе, әлемдік брендтердің жасанды көшірмесін жасау кең таралып отыр.

Kaznews.kaztrk.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
XX жазғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады
04.10.2026, 20:03
2 млрд доллар: Қазақстан мен Германия 30-дан астам келісімге қол қойды
04.10.2026, 19:52
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі – азаматтардың денсаулығы мен өмірінің кепілі
04.10.2026, 19:50
ЖИ ұстазға пайдалы, ал оқушыға ше? СhatGPT-ден көшіріп, тапсырма орындау үрдісі
04.10.2026, 18:33
Бөліп төлеуге қатысты қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін?
04.10.2026, 18:02
Кітап оқып, 10 млн ұтып ал: Марафонға 1,3 млн-нан астам адам тіркелген
04.10.2026, 17:48
Баспана сатып аларда нені ескеру керек?
04.10.2026, 17:10
Astana AI Film Festival: Қазақстандық Мырзахан Жұмахан «Үздік кейіпкер» номинациясын жеңіп алды
04.10.2026, 12:25