Президент «Өскемен титан-магний комбинатының» басшылығын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «Өскемен титан-магний комбинатының» басшылығын қабылдады

22.08.2017

Мемлекет басшысы «Өскемен титан-магний комбинатының» басшылық құрамын қабылдады. Президентке кәсіпорынның соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктері баяндалды. Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған істерге оң бағасын беріп, шетелдік компаниялармен бірге жұмысты одан әрі жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды дамыту керектігіне тоқталды. Кездесуде акционерлік қоғамның оңтүстіккореялық «Поско» компаниясымен ортақ жобаны іске асырып жатқандығы айтылды. 

Хабарламаларға жазылу