Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді

08.05.2024

Голан жоталарындағы Фауар бітімгерлік базасында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді. Салтанатты рәсім Отан қорғаушылар күнімен тұспа-тұс келіп, символдық мәнге ие болды. Қазақстан үшін бұл - тарихи оқиға, үлкен мәртебе. Себебі еліміздің бітімгерлік контингенті Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясын өз бетінше орындауға мандат алып отыр. Демек, қазақстандық әскери қызметшілердің дайындық деңгейі жоғары.



Хабарламаларға жазылу