СҚО-да кен байыту комбинатының 400 жұмысшысы табыссыз қалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да кен байыту комбинатының 400 жұмысшысы табыссыз қалмақ

11.06.2021

Солтүстік Қазақстандағы «Обухов» кен байыту комбинатының 400-дей қызметкері жұмыссыз қалмақ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі серіктестікпен жасасқан келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатқан. Тайынша ауданындағы кәсіпорын титан-цирконий өндірісімен айналысады. Министрліктің шешімі бойынша комбинат маусымның 12-не дейін ғана жұмыс істей алады. Көпшілік өндірісті сақтап қалу мақсатында жергілікті биліктің іске араласуын сұрайды.

Николай Федусев, геолог:
Бұл еліміздегі бірегей кен орындарының бірі деуге болады. Қазір кәсіпорынның жабуылуына жол бермеген абзал. Барды сақтап қала алмасақ, қалпына келтіру оңайға соқпасы анық. Қаншама адам жұмыссыз қалайын деп тұр. Қазір олар қайда барады?

«Обухов» кен байыту комбинаты - өңірдегі жалақысы жоғары мекемелердің бірі. Ксәпіорын басшылығының мәліметі бойынша, кей мамандардың табысы 900 мың теңгеге дейін жетеді. Соңғы жалдары компания төңірегінде даулы мәселелер жиі туындап жүр. Мекеменің салық бойынша 56 млн теңгеге қарызы бар.

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
Контракт алған кезінде, міндеттемелер орындалған жоқ. Министрлік уақыт береді. Өкінішке қарай компания 1 жыдың ішінде бұл бүткіл міндеттемелерді орындамайды. Соған байланысты контракт бұзылып жатыр.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу