Теннисші Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннисші Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты

08.05.2024

Теннисші Елена Рыбакина тарихи рекорд орнатты. Қазақстанның бірінші ракеткасы өткен жылғы WTA 1000 санатындағы турнирлерде 600-ге жуық ұпай жинаған жалғыз теннисші атанды.

«ОптаЭйс» статистикалық сайтының мәліметінше, отандасымыздың активінде белсенді әрекеттері есебінен ұтқан 570 ұпай бар.

Таяуда, мамырдың 7-сі мен 19-ы аралығында Римде өтетін WTA 1000 санатындағы турнирінің жеребесі өтті. Турнирдің қазіргі чемпионы ретінде Елена Рыбакина бірден екінші айналымда өнер көрсетеді. Яғни, Қазақстанның бірінші ракеткасы румыниялық Ирина Бегумен немесе өз санатына сай өзге теннисшімен кездеседі.


Хабарламаларға жазылу