ЕО: Синтетикалық маска рак ауруына шалдықтырмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕО: Синтетикалық маска рак ауруына шалдықтырмайды

09.11.2021

Синтетикалық масканың рак ауруына шалдықтыратынына нақты дәлел жоқ. Сондықтан адамдар маска тағуды тоқтатпауы керек. Мұны Еурокомиссия өкілдері мәлімдеді. Манадардың сөзінше, зерттеулер бетперде құрамындағы титан диоксидінің денсаулыққа қауіпті екенін растай алмаған.

Айта кетсек, Бельгияның «Сайенсано» қоғамдық денсаулық сақтау ұйымы өткен айдағы баяндамасында титан диоксидін қатерлі деп тапқан. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қатерлі ісіктерді зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі де бұл зат канцерогендер қатарына кіруі мүмкін деген болжам айтқан.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу