Экологтар Өскемендегі титан магний комбинатында жоспардан тыс тексеру бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологтар Өскемендегі титан магний комбинатында жоспардан тыс тексеру бастады

21.12.2021

Экологтар Өскемендегі титан магний комбинатында жоспардан тыс тексеру бастады. Өйткені бүгін зауыт аумағында қызғылт түсті түтін пайда болды. Телефонға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге жылдам тарап кетті. Видео авторы зауыттағы цехтың бірінен хлорлы бу шығып жатқанын айтқан. Экологтар өндірістің санитарлық аумағындағы ауаны тексеріп, хлордың мөлшері шектен тыс асып кеткенін хабарлады. Бұл мәліметті облыстық «Қазгидромет» орталығы да растады. Енді ауаны ластаған кәсіпорынды анықтау керек.

Рауан Тұраров, Шығыс Қазақстан облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

Санитарлық қорғау аймағында өлшеу нәтижесіне қарағанда, рауалды консентрациядан 4,5есеге хлор ластаушы заттар ауытқу байқалып тұр. Енді оның дәл осы Титан магни комбинаты АҚ-ның әсерінен деп айту үшін қазіргі таңда тікелей ластаушы көздің өзінен сынама лау керекпіз. СКЛ Соған сәйкес біз прокуратура мекемесінде жаспардан тыс тексерісті тіркедік. Міне мекеменің басшылығын таныстыру жұмысын жүргіземіз.


Хабарламаларға жазылу