Түркияда Р.Қошқарбаев пен С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда Р.Қошқарбаев пен С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған жиын өтті

08.05.2024

Түркияда қазақтың қос қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына арналған жиын өтті. Жастар тарапы батыр аталары туралы баяндама оқып, олардың ерліктерін еске алды. Жиын соңында патриоттық әндер шырқалды.

Қуатбек Мұзбалақов, ҚР Қорғаныс министрлігі түркиядағы әскери атташесінің орынбасары:
Жасөспірімдердің патриоттық сезімін ояту, ҚР Қарулы күштеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатында осындай шара өткіздік. Шетелде оқығандықтан өз елдерін қатты сүйіп, қатты сағынады, партиоттық сезімдері одан әрі артады. Белсенді түрде қатысып аталарымыз туралы зерттеп, оқып баяндама жасауға рұқсат етіңіз деп өздері белсенділік білдірді.
Ақниет Қыналы, студент:
Рақымжан Қошқарбаев, Сағадат Нұрмағамбетов батырларымыздың ерлігін бір еске алдық. Қазақстан азаматы болған соң өзге елде өз азаматтарыңды көру деген өте үлкен бақыт қой. Олармен бірге іс-шара өткізу, олармен бірге кішігірім, үлкен конференция мен үшін өте керемет сезім болып отыр.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу