Өскеменде «Титан-2015» атты 13-ші халықаралық конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде «Титан-2015» атты 13-ші халықаралық конференция өтті

28.05.2015
Өскеменде «Титан-2015» атты 13-ші халықаралық конференция өтті

Әлемдік нарықта сатылатын қымбат металлдың 11 пайызы Қазақстанға тиесілі. Жарты ғасырлық тарихы бар «Өскемен титан-магний комбинатының» өнімі 100 пайыз экспортқа жіберіледі.

Бүгінде іргелі өндіріс орны титанды инновациялық әдіспен өңдеп, одан өнімнің бірнеше түрін шығаруда.

Конференцияға қатысушылар қазіргі таңдағы титан өндірісінің жағдайын саралап, бұл саланы одан ары дамыту төңірегінде пікір алмасты.

Осы металлды қолдану аясын кеңейтуді талқылап, титан металлургиясындағы жаңа жетістіктермен де танысты. 

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу