Гүлшара Әбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Масаеси Камохарамен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Гүлшара Әбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Масаеси Камохарамен кездесті

13.05.2015
Гүлшара Әбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі Масаеси Камохарамен кездесті

Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылдың маусым айында Жапонияға жасаған сапарының нәтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткенін айрықша айтты.

Мемлекеттік хатшы Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының қызметін жоғары бағалады.

Тараптар гендерлік теңдік мәселелерін соның ішінде 1995 жылы өткен БҰҰ-ның әйелдер ахуалы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференциясында қабылданған бейжіңдік декларация мен іс-қимылдар тұғырнамасы аясындағы мәселелерді талқылады.

Кездесу соңында Масаеси Камохара  Гүлшара Әбдіқалықоваға биыл тамыз айныда Токиода өтетін екінші Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің шақыруын табыс етті.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу