Виктор Назаров: ЕЭО - 180 миллионнан астам адамның болашағы үшін жасалған қадам
«Еуразиялық экономикалық одақ - 180 миллионнан астам адамның болашағы үшін жасалған нақты қадам. Оған мүше елдердің арасындағы тауар айналымы артып, экономикасының дамуы жеделдейтін болады.
Яғни, жаңа құрылым көптеген тірліктерді түлетуге оң әсер етеді», дейді Ұлттық арнаға берген сұхбатында Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров.
Ресейдің Омбы облысы Қазақстанмен тікелей байланыста. Былтыр бұл аймақтың біздің елмен арадағы тауар айналымы 440 миллион АҚШ долларын құрады.
Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда 10 пайызға артқан. «Болашақта одақ арқасында сауда-саттық көлемін арттырамыз», дейді облыс губернаторы.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Король Филиптің Қазақстанға сапары екі ел қатынасына жаңа серпін берді
23.10.2026, 17:30
Ресейде 2 мыңнан аса сауда орталығы жабылды
23.10.2026, 17:29
Ресейде еңбек мигранттарына талап қатайды
23.10.2026, 17:28
«Кітап оқитын ұлт» зияткерлік сайысы өтті
23.10.2026, 17:27
Отбасын қолдау – мемлекеттік саясат
23.10.2026, 17:24
NVIDIA бас директоры: Қазақстан – ЖИ-ді ұлттық басымдық деп жариялаған алғашқы ел
23.10.2026, 17:22
Қазақстан – инвестиция тарту бойынша көшбасшы
23.10.2026, 17:20
Заң үстемдігі және әділ төрелік – Ата заңның берік негізі
23.10.2026, 17:17