Жемқорлыққа қарсы бағдарламаның жобасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлыққа қарсы бағдарламаның жобасы талқыланды

08.10.2014
Жемқорлыққа қарсы бағдарламаның жобасы талқыланды

Бүгін Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының депутаттары жиын өткізді. Онда партияның «2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» жобасы талқыланды.

Фракция жетекшісі Дариға Назарбаева – партияның жемқорлыққа қарсы құжатының таныстырылымын жасап, бағдарламаның артықшылықтарын сөз етті. Стратегиялық құжат -  мемлекеттік қызметкерді адал, әрі өз ісіне берілген азамат етіп тәрбиелеуге күш салады. Бизнесті қорғайды. Барша азаматты жемқорлықпен күресуге үндейді.

Таныстырылымнан соң, депутат Нұрлан Әбдіров бағдарлама жайында баяндамасын оқыды. Оның сөзінше, жемқорлықты болдырмау үшін әуелі қоғамды тәрбиелеу қажет.  

Хабарламаларға жазылу