«Самұрық-Қазына» өз меншігіндегі барлық активтердің нарықтағы құнын арттырып, басқарудың барынша тиімді тетіктерін енгізуі қажет. Бір сөзбен айтқанда, Ұлттық қор қаражатын, яғни халықтың несібесін молайтудың қамына мықтап кіріспек. Ол үшін Ұлттық компания «трансформация» деп аталатын жаңару бағытын таңдады. Бүгін компанияның топ-менеджменті Мемлекет басшысы қатысқан жиында «Жаңа трансформация» бағдарламасын ресми түрде таныстырып, артықшылықтарын жіпке тізіп берді.
Бүгін Ұлттық қордың топ менеджменті – жаңа шешім ұсынды. Бұл шешім қорға қарасты компанияларды түгелдей «трансформация» жолына бағыттау.
«Самұрық – Қазына» басшылығы трансформация деп аталатын жаңа бағдарламаны таныстырды. Осы аттас форум өткізді. Енді трендке айналатын терминнің мәні – Ұлттық қор активтерінің құнын еселеуде, қор портфелін оңтайландыруда, топтық басқаруды жетілдіруде жатыр.
Трансформациялану «Самұрық-Қазына» компанияларында енді жаппай сипат алады. Өйткені, Елбасы Ұлттық қор алдына жаңа меже қойды. Біздің ортақ қазынамыз алдағы бес жылда екі еселенуі керек. «Самұрық-Қазына» қорының құны 200 миллиард долларды құрауы тиіс. Бастапқы бағытта осы межені еңсере алса, ұлттық компаниядағы жаңа реформаның өзін ақтай алғаны.
Жайнагүл ТӨЛЕМІС