Сенат төрағасы бірқатар кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат төрағасы бірқатар кездесу өткізді

03.10.2014
Сенат төрағасы бірқатар кездесу өткізді

«Украинадағы кикілжіңді дипломатиялық жолмен шешетін уақыт жетті». Женевада ашылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік ассамблеясының күзгі отырысына жиналғандар осылай, дейді. Осымен 13-рет ұйымдастырылып жатқан шараға Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегация да қатысып жатыр.

Сапар барысында Сенат спикері ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Оливер Спенсермен, Женева саясат және қауіпсіздік орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Сондай-ақ, БҰҰ Ұлттар сарайындағы «Қазақстан» залында Сенат спикерінің «БҰҰ-дағы толғаныстар» кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта Қасым-Жомарт Кемелұлының БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Женева бөлімінің Бас директоры және қарусыздандыру жөніндегі конференцияның Бас хатшысы болған кезде атқарған жұмыстары топтастырылған.

Осы басқосудан соң, Сенат төрағасы Женевадағы дипломатия және халықаралық қатынастар институтының студенттеріне дәріс оқыды.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

Хабарламаларға жазылу