Қазақстан мен Қырғыз елінің ынтымақтастығы артпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қырғыз елінің ынтымақтастығы артпақ

15.07.2014
Қазақстан мен Қырғыз елінің ынтымақтастығы артпақ

Жақын арада Қырғыз елі Кедендік одақ пен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы мүмкін. Осы мәселелерді талқылау үшін Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев алдағы күзде Астанаға келеді.

Бұл туралы сол елде жүрген Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың қырғыз әріптестерімен болған кездесуінде белгілі болды. Басқосуда тараптар Қазақстан мен Қырғыз елінің байланысын әрі қарай арттыру жолдары мен аймақтық ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, олар сауда-экономикалық, инвестициялық, ауыл және су шаруашылығы саласын да қамтыды. Қорытындысында дипломаттар екі елдің саяси ынтымақтастығын дамытудың 2014-2015 жылдарға арналған бағдарламасына қол қойды.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Кедендік одаққа кіру үшін оның талаптары мен нормаларына сай белсенді жұмыс жүруі тиіс. Біз осы орайда барлық сұрақ бойынша әңгімелестік. Күз айында екі ел президенттері де бұл мәселені жіті талқылайды. Ал оған дейін  екі елдің үкімет басшылары мен экономистерінен тұратын  халықаралық құқықтық кеңес құрылады.

Хабарламаларға жазылу