Еуропа халқы Еуроодаққа сенбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа халқы Еуроодаққа сенбейді

10.07.2014
Еуропа халқы Еуроодаққа сенбейді

«Еуропалық одақ мамыражай өмір мен бейбітшілікті қамтамасыз ете алмайды». Сондықтан, халықтың Еуропалық институттарға деген сенімі жоғалған.

Американың «Pew Research Center» зерттеу орталығы жүргізген сауалнама нәтижесі осыны көрсетті.

Сауалнама Германия, Польша, Франция, Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Италия мен Грекия елдерінде жүргізілген.

Зерттеу орталығының мәліметінше, «кәрі құрлық» халқының Еуропалық институттарға деген сенімі қаржы дағдарысынан кейін күрт төмендеген.

Яғни, халықтың 70 пайызы институттардың немен айналысатынынан хабарсыз екенін және олардың пікіріне ешкім құлақ аспайтынын айтқан.

Сондай-ақ, тұрғындар ортақ валюта евроның болашағына күмәнмен қарайтынын, өздерінің төл ақшаларын қайта қолданысқа енгізу керектігін мәлімдеген. 

Николас Госсе, Бельгияның қорғаныс академиясының  зерттеушісі: 

Еуропалық одақ о баста экономикалық одақ болып құрылып еді, кейіннен саяси одаққа айналып кетті. Қазір проблемасы шаш етектен. Кезінде мүшелікке өткен елдерге бәрі керемет болады, евро тұрақты валюта, деп еді. Халықты құрғақ уәдемен қатырғаннан басқа ештеңе өзгермеді. 6 жылға жалғасқан дағдарыс адамдарды қажытып жіберді. Қазір көп елдерде саяси дағдарыс басталды. Демек, билікке таласқан шенеуніктер халықтың қамын ойлай қояды, деу қиын. Бұлай жалғаса берсе, еуроскептиктердің дегені болып, Еуроодақ ыдырауы әбден мүмкін.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу