Әлем көшбасшылары Елбасы туралы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем көшбасшылары Елбасы туралы

05.07.2014
Әлем көшбасшылары Елбасы туралы

16 жылдығын тойлағалы отырған елордамыз әлемдегі ең жас астаналардың бірі. Елбасының тарихи туындыларының бірі десек те болады. Ал әлем саясаткерлері не дейді екен? Солардың пікірлерін тыңдасақ.

Юнус-Бек Евкуров, Ингушетия Республикасының басшысы(2008-2013 жж.):

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Ондаған мың ингуш үшін Қазақстан екінші атамекен болып, жүректерінде мәңгіге қалды. Олардың көбісі бүгінде Қазақстан Республикасының толыққанды азаматы және сонда тұрады. Мұның бәрі сіздің салиқалы саясатыңыздың арқасы деп білемін.

Георге Иванов, Македония Республикасының Президенті:

Қазақстан астанасының соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі мегаполиске айналғанын ерекше таңданыспен айтқым келеді. Астана өзінің заманауи сәулетімен және мәдени, өндірістік орталық ретіндегі үлгісімен, шығыстық сипатымен баурап алады. Бұл ғажайып Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен және тікелей атсалысуымен құрылды.

Мигель Анхель Моратинос, Испанияның экс-сыртқы істер министрі:

Президент мырза,  Сіздің Қазақстан  халқына ұсынған стратегияңыз жол картасы болып табылады және философ Сенека айтпақшы: «Қайда жүзерің белгісіз болса, жел де көмектеспейді». Сіздің ұсыныстарыңыз сөзсіз ауқымды сипатқа ие және Қазақстанды 21 ғасырдағы үлгі тұтарлық мемлекетке айналдыруға бағытталған.

Хабарламаларға жазылу