Елімізге Эквадор Республикасының сыртқы істер және көші-қон министрі келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Эквадор Республикасының сыртқы істер және көші-қон министрі келді

04.07.2014
Елімізге Эквадор Республикасының сыртқы істер және көші-қон министрі келді

Елімізге ресми іс-сапармен келген Эквадор Республикасының сыртқы істер және көші-қон министрі Рикардо Патиньо Арока, бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесті.

Оның барысында екіжақты байланысты дамыту жолдары сөз болды. Біздің елмен сауда көлемі бойынша Эквадор, Латын Америкасы мемлекеттері арасында 4-ші орында тұр. Мұнай өндіруде тәжірибесі мол.

Сондай-ақ, энергияның баламалы көздерін өркендетуге де ерекше мән берген. Бүгінде екі ел арасында визасыз жүйені енгізу бағытындағы жүмыстар жүргізілуде.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Қазақстан мен Эквадорды ортақ даму басымдықтар, халықаралық мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдар біріктіреді. Болашақта екіжақты және көпжақты ынтымақтастығымыз одан әрі дамуына үмітіміз мол.

Рикардо Патиньо Арока, Экыадор Республикасының сыртқы істер және көші-қон министрі.

Бұл менің алғашқы сапарым. Қазақстанды көргеніме қуаныштымын. Астана өте әдемі қала екен. EXPO көрмесін өткізуге лайықты, деп санаймын. Әрі көрме кезінде біздің осы жерден табылатынымыз анық. Екі елдің интеграция, білім және ғылым саласында да тәжірибе алмасуларына мүмкіндік мол.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу