Елбасы һәм Астана туралы әлем көшбасшыларының пікірі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы һәм Астана туралы әлем көшбасшыларының пікірі

03.07.2014
Елбасы һәм Астана туралы әлем көшбасшыларының пікірі

Қазақстан қазір әлемнің барша еліне танымал. Қала күнінің қарсаңында, біздің елге келіп тұрып, ел туралы, Елбасы туралы әлем көшбасшылары не деп еді?

Брюс Джордж, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Президенті

Әлем - Қазақстанды прогрессивті, қарқынды дамуға бет алған, демократияға ұмтылушы мемлекет ретінде таниды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманның бетке ұстар тұлғаларының бірі.

Рамиль Гасанов, Түріктілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясының Бас хатшысы:

Біз сізді қазіргінің ақылгөйі деп білеміз. Сақа саясаткер, әлем алдында абыройы асқақ, беделді тұлға деп танимыз. Қазақстан - жан-жаққа шашырай қонған түрік елдерін бір мүддеге ұйысуға, өзара мәдени-саяси байланыстарын нығайтуына көп жұмыс атқарып жатыр. Сіздің белсенді әрекеттеріңіздің арқасында, түркітектес елдер арасында  сенікі, менікі деп бөлмей, жүкті жұмыла көтеретін сана қалыптасып келеді.

Ганс-Дитрих Геншер, неміс саясаткері, Германияның Азаттық-демократиялық партиясының өкілі:

Президент мырза, посткеңестік елдердің көбі тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын  азаматтық соғыс, тоқыраумен қарсы алды. Ал Сіз, ел тарихының алғашқы беттерін бейбіт, тату өмірмен аштыңыз. Сіз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен алдағы баянды болашаққа жұмыс істедіңіз. Бүгінгі замануи, дамыған Қазақстан сол бір замандағы сіздің ерен еңбегіңіздің арқасы. Сіз, мұнымен мақтануға толық құқылысыз. Назарбаев дегенде, атом қаруынан саналы түрде бас тартқан алғашқы адам, жер бетіне бейбітшілік жайған тұлға деп дәріптейміз.

 

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу