
Ким Дэ Чжун, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті:
Қазақстанда демократиялық, саяси-экономикалық бағыттарда атқарылған іргелі істерге қарап, оған жоғары баға беруге болады. Әлбетте, мұны әлемдік қауымдастықтар да мойындап отыр. Қазақ елі Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығының арқасында жан-жақты өсіп-өркендеуде.
Герхард Шредер, Германия Федеративтік Республикасының канцлері (1998-2005 ж.ж):
Қазақстан - Орталық Азиядағы тұрақтылықтың ошағы. Мұның саяси-экономикалық, мәдени салаларға да қатысы бар. Сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Назарбаев көпжақты әріптестіктің сенімді жақтаушысы. Соның нәтижесінде, Қазақстан табысты дамып келеді.
Кондолиза Райс, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы:
Қазақстан - дамушы мемлекеттер үшін үлгі. Бұған елдегі жергілікті халық пен басқа да түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі дәлел.
Алмат ӘБДІРАМАН
