Астананың болашағы зор - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астананың болашағы зор

25.06.2014
Астананың болашағы зор
 
Астана - болашағынан үлкен үміт күттіретін қала. Кескіні мен келбеті келіскен шаһар - қазір маңызды халықаралық шешімдер қабылданатын орталыққа айналды.
 
Бұл - Түркияның билік басындағы «Әділет және даму» партиясының Бас хатшысы Халюк Ипектің пікірі.
 
Халюк Ипек, «Әділет және даму » партиясының бас хатшысы:
Бас қаланың дамуы - елдің дамуы десем, артық айтпаймын. Астана қазір санаулы ең көрікті астаналардың қатарында. Бұл қалада қаншама маңызды шаралар өткіздіңіздер. Енді елдің әлеуетін көтеретін маңызды EXPO жәрмеңкесіне дайындалып жатырсыздар. Бұл шараны абыроймен өткізсеңіздер, күллі әлемнің Қазақстанға деген қызығушылығы артатыны сөзсіз. Елдеріңізге көптеген инвесторлар, бизнесмендер, туристер тартылады. Барлық игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.
 
Бақытжан ОМАРОВ

Хабарламаларға жазылу