Атырауда Францияның консулдығы ашылды
Атырауда Францияның алғашқы құрметті консулдығы ашылды. Бұл - өз кезегінде, екі ел арасындағы іскерлік байланыстың жылдан-жылға нығайып келе жатқандығының айғағы.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы тауар айналымы жылына 6,5 миллиард еуроны құрап отыр. Бұл көрсеткіш алдағы кезде еселеп арта бермекші.
Бүгінде Қазақстанмен бірлесіп 200-ден астам француздық компания жұмыс істейді. Ал, елімізде тұрақты түрде қызмет ететін франциялық құрылымдардың жалпы саны 60-тың үстінде.
Олардың басым бөлігі мұнай-газ саласына жұмылдырылған. Айта кету керек, Франция еліміздегі ірі инвесторлардың біріне айналып отыр.
Олар елімізге 9 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған.
Ал, мұнайлы өңірде ашылған консулдық екі ел арасындағы әріптестік қарым-қатынасты одан әрі жандандыруға өз үлесін қоспақшы.
Франсис Этьен, Қазақстандағы Францияның Төтенше және өкілетті Елшісі:
Біздің басты мақсатымыз - Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамыту. Қазақстанда 60-тан астам француздық компания қызмет етеді. Солардың көбі - осы Атырауда. Біздің консулдықтың да осы қалада ашылуы сондықтан.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21