Иран Қазақ еліне инвестиция тартуға мүдделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иран Қазақ еліне инвестиция тартуға мүдделі

20.06.2014
Иран Қазақ еліне инвестиция тартуға мүдделі
 
Ақтауға Иран ислам Республикасының делегациясы келді. Оның құрамында экономика, ауыл шаруашылығы, сауда салаларының өкілдері бар. Иран жағының біздің елден астық, ет өнімдері, газдың сұйық түрі мен металл алуға қызығушылығы жоғары.
 
Ал, тиісінше қазақ жеріне химия, өнеркәсіп бұйымдары мен көкөніс, азық-түлік экспорттауға дайын. Халықаралық жәрмеңкелер өткізіп, ғылым саласын бірлесіп игеруге де мүдделі. Ирандықтар үшін «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы инвестиция құюға аса тиімді орын ретінде таныстырылды.
 
Аумағы 2 мың гектар болатын аймақта қазір 18 компания жұмыс істеп жатыр. Жер, мүлік, кеден салығы сияқты 6 түрлі төлемнен босатылатын экономикалық аймақта кәсібін ашуға ирандық кәсіпкерлер де ниетті.
 
Разие Алиразаи, Ирандағы Хорасан Рәдәви облысы индустрия, кен және сауда ұйымының төрағасы:
Біздің облыста 6 мыңнан астам компания түрлі салалар бойынша жұмыс істейді. Солардың бірқатары Маңғыстаудағы экономикалық аймақта кәсіптерін жүргізуге дайын. Қазақстан астығын ірі көлемде пайдаланатын біздің ел тауардың жеткізілуін оңтайландыру жағын пысықтамақпыз. 
 
Әмірбек Төлегенов, «Ақтау теңіз порты» АЭА басқарма төрағасы:
Біздің АЭА бойынша көптеген жоспар бар. Ол құрылыс саласында болады,- деп есептеп отырмыз. Мұнай өндіру жөнінде инвесторларын тартқымыз келеді.
 
Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу