Қазақстанның 20 жылда жеткен жетістігі ұшан-теңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның 20 жылда жеткен жетістігі ұшан-теңіз

18.06.2014
 
«Елбасы елінің сенімін ақтап, 20 жылда әлемді мойындатты. Біздің Қазақ басшысынан үйренеріміз көп». Бұл - көрші ел президенттері мен халықаралық ұйым басшыларының Қазақстан мен оның Президентіне берген бағасы.
 
Пан Ги Мун, БҰҰ Бас хатшысы:
Қазақстан - ядролық қарудан бас тартқан алғашқы ел. Сондықтан да, менің Қазақ Президентіне деген алғысым шексіз. Мемлекет басшысы Семей полигонын жауып, ел аумағындағы барлық ядролық инфрақұрылымның көзін жойды. Сол себептен де, Қазақстан көшбасшысының дүниежүзілік ядролық қауіпсіздік туралы жиындарда бірінші болып сөз алуына толық құқы бар. Полигоннан зардап шеккен халықтың басшысы ретінде ядролық қарудан бас тарту туралы мәлімдемені Қазақ басшысы ғана жасай алады.
 
Ху Цзиньтао, ҚХР экс-Төрағасы: 
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері күннен-күнге дамып келеді. Сіздің басшылығыңыздың арқасында Қазақстанды қазір әлем таниды. Сіздің елде қоғамдық және саяси тұрақтылық бар. Елдің экономикасы қарыштап дамып келеді. Халықтың деңгейі дамушы елдердегі көрсеткішке сай келеді. Ал, бұл Сіз басқаратын елдің әлемдік аренада тұрақтануына ықпалын тигізеді. 
 
Алмазбек Атамбаев, Қырғыз Республикасының президенті:
Қазақстанның соңғы 20 жылда жеткен жетістігі біздің көз алдымызда өтті. Елдің экономикасы күн сайын қарыштап дамып келеді. Яғни, Қазақстан  дамудың даңғыл жолына түсті. Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісім орнаған. Соның арқасында қазір бір шаңырақ астында 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің көрші ел басшысынан үйренеріміз көп.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу