Басты Жаңалықтар Сарапшылар Қазақстанның әлем таныған елге айналуын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады

Сарапшылар Қазақстанның әлем таныған елге айналуын Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады

Сарапшылар Қазақстанның әлем таныған елге айналуын   Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады
 
Қазақстанның 23 жыл ішінде әлем таныған елге айналуын сарапшылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырады.
 
Елбасының тиімді реформаларының арқасында Қазақстан экономикасы аяқтан тұрып, әлемдік аренада өзіндік орны бар елге айналды.
 
Арман Дәулетияров, «МузТВ» телеарнасының бас директоры:
Мәскеуге алғаш келген күннен бастап, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі менің бойтұмарыма айналды, деуге болады. Жоғары оқу орнына түскенімде, барлығы менің ұлтымды сұрайтын. «Қазақпын» десем, «Назарбаев, иә, ол нағыз азамат қой, қазақтар - тамаша халық», деп жауап беретін. Екінші рет түскен институтта да дәл сондай жағдай болды. «Қазақсың ба, қандай бақыттысың! Назарбаев - дана саясаткер», дейтін. Бүгінде қамал алар, кемелденер жасқа келгенімде, мен қазақ болып туғанымды мақтан тұтамын. Ел басқарып отырған Нұрсұлтан Назарбаев сынды сарабдал саясаткердің барына қуанамын.  
Бөлісу