Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары Кеңесінің хатшылығы Астанаға көшіп келеді
Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.
Аталған кеңестің Шанхайда 20-21 мамырда 4-ші саммиті өткен. «Белігілісі, биылғы төрағалық тізгін Түркиядан Қытайға өткен. Үлкен тәжірибесі бар Қытай саммит жұмысына серпін береді, деген сенім бар»,- деді вице-министр.
Айта кету керек, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін құру туралы идеяны ең алғаш рет 1992 жылы БҰҰ-ның 47-ші сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын.
Сыртқы істер министрінің орынбасары сондай-ақ, Украинадағы қақтығыстар арасында қазақстандықтар бар, деген ақпаратқа қатысты пікірін білдірді.
Ержан Ашықбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
Бұл мәселе тыңғылықты тексеруді қажет етеді. Дегенмен, бүгінге дейін біз нақты фактілерді анықтай алмадық. Ал, мұндай алыпқашпа әңгімелерді біз бұған дейін Кавказдағы тағы басқа қақтығыстарда талай естігенбіз. Әдетте, бұл бос сөз болып жатады немесе қақтығысқа қатысы бар, деген адамдар Қазақстанда туған басқа елдің азаматтары болып шағыды.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21