Қорғаныс министрлері кездесті
Басқосуда тараптар бірлескен штаб жұмысының тиімділігін арттыру, коалициялық әскери құрылымды одан ары жетілдіру сынды мәселелерді талқылады. Кеңестің соңында министрлер, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы елдерінің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.
Николай Бордюжа, ҰҚКҰ Бас хатшысы:
Әскери ынтымақтастықты арттыру жайын талқыладық. Орталық Азия мен Шығыс Еуропа аймағындағы әскери-саяси жағдайдың өзгеруін ескере отырып, ұйымның күштік құрылымын жандандыру мәселесін де пысықтадық. Сонымен қатар ұжымдық күштердің жедел әрекет ету жоспары бекітілді. Осылайша барлығы күн тәртібінде тұрған 10 мәселені қарастырдық.
Осы жиынның аясында Қорғаныс министрі Серік Ахметов өзінің беларусьтық әріптесі Юрий Жадобинмен кездесті. Тараптар әскери байланыстарды арттыру, қарулы күштерді қару-жарақ және техникамен қамтамасыз ету, әскери кадрларды дайындау салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.
Бұдан өзге, екі елдің қорғаныс саласына жауапты басшылары, ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымы шеңберінде, қазіргі заманғы қауіп-қатерге қарсы тұру мәселелері бойынша пікір алмасты.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21