Мажарстанда түркітілдес халықтардың құрылтайы өтеді
Қор өкілдерінің айтуынша, биыл құрылтайға әлемнің 25 елінен 150 мыңнан астам мейман қатысады. 70 адамнан құралған қазақстандық делегацияның құрамында биыл Парламент депутаттары, Торғай өңірінің мажарлары да болады.
Мәдени шара барысында қазақ-мажар бауырластығы кеңінен талқыланып, Аттиланың көпшілікке беймәлім қырлары ашылады, деп күтілуде.
Левенте Ладвенский, «Мадияр-Тұран» қоғамдық қорының кураторы:
Биылғы құрылтай ерекше болады деген сенімдеміз. Өйткені, Аттила тұрған шатырдың 2-3 есе үлкейтілген нұсқасы және 100-ден астам киіз үй тігіліп, ежелгі салт-дәстүрді қайта жандандыратын боламыз. Шараға Татарстан, Якутия елдерінен меймандар алғаш рет қатысады.Сондай-ақ, мадиярлардың, скифтердің көне дүниесін көрсететін археологиялық, антропологиялық көрмелер, концерттер ұйымдастырылады. Бір сөзбен айтқанда, бұл түркітілдес халықтарды біріктіретін ерекше мереке болады.
Нұрсұлу ҚАСЫМ
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21