Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысыЛамберто Заньермен кездесіп, екі тарап арасындағы кең ауқымды екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін қарастырды.
Сыртқы саяси құрылым басшысы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерінің бірі қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін, сондай-ақ, Ауғанстан аумағынан туындауы ықтимал қауіп-қатерден сақтану өте маңызды екендігін айтты.
Тараптар ЕҚЫҰ өңіріндегі, оның ішінде ғаламтордағы қастық жасау мен жеккөрушілік, ксенофобия жәнеисламофобия салдарынан туындаған қылмыстардың көбеюіне алаңдаушылық білдірді.
Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:
Үлкен тәжірибесі бар ЕҚЫҰ, БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдармен бірлесіп, Орталық Азия елдеріндегі шекара қызметінің тиімділігін нығайтуға көмектесуіне, Ауғанстан мен көрші елдерде есірткіге қарсы күреске күш салуды қолдау бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуына болар еді. Біз Украинаның дағдарыстан бейбіт жолмен шығатынына және оның БҰҰ мен басқа да беделді халықаралық ұйымдардың көмегімен келіссөздер үдерісі жолымен шешілетініне сенеміз.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21