Ресей сарапшылары Қазақстан-Ресей байланысына қосқан үлес үшін марапатталды
Ресей Федерациясының Халық әртісі, тележүргізуші Владимир Винокур мен белгілі саясаттанушы Юрий Солозобов ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Олар мұндай құрметке Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының нығаюына үлес қосқаны үшін лайық болып отыр.
Мемлекеттік марапатты тапсырған Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті Елшісі Марат Тәжин қазіргідей аумалы-төкпелі заманда халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру маңызды екеніне тоқталды.
Салтанатты шара барысында Владимир Винокур мен Юрий Солозобов екіжақты байланыстарды нығайтуға алдағы уақытта да күш-жігерлерін аямайтындарын жеткізді.
Владимир Винокур, Ресей Федерациясының Халық әртісі, тележүргізуші:
Қазақстанда миллиондаған көзі ашық, көкірегі ояу көрермендерім бар екенін білемін. Сондықтан, алдағы уақытта елдеріңізге арнайы турмен баруды жоспарлап отырмын. Мұндай жоғары марапат арқылы менің екі ел достығына қосқан азғантай үлесімді жоғары бағалап жатыр деп ойлаймын. Сондықтан, білікті басшы, көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевқа және тұтас қазақ халқына көп рахмет!
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21