Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысқа сызат түспейді
Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түспейді. Тәуелсіз мемлекеттер еуразиялық кеңістіктегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту үшін келешекте де теңқұқылы стратегиялық әріптестікті тереңдете бермек.
Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин мен Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасиннің кездесуінде айтылды.
Екі ел арасындағы ынтымақтастық жайы талқыланған басқосуда тараптар жақын уақытқа жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулер мен екіжақты байланысты арттыруға ықпал ететін маңызды құжаттар туралы сөйлесті.
Сондай-ақ, кездесуде Ресей тарапы екі елдің тарихи тұрғыдағы ынтымақтастығына қатысты соңғы кездері кейбір аймақтық өкілдердің жауапсыз мәлімдемелеріне қатысты көзқарасын білдірді.
Сыртқы саясат мәселелері және шет мемлекеттермен қарым-қатынасқа қатысты мәлімдемелер мен комментарийлер тек қана Ресей Федерациясы басшылары мен Ресейдің Сыртқы істер министрінің, сондай-ақ, осы санаттан арнайы міндеттеме алған ресми тұлғаларының ғана басымдығы болып қалатыны мәлімделді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21