Терроризмді қаржыландырумен күрес күшейеді
«Терроризмді қаржыландырумен күрес». Бүгін осындай атаумен Қаржы полициясы академиясында семинар өтті. Жиынға Қырғыз республикасы, Тәжікстан, Молдова, Ресей және Түркияның осы саладағы тәжірибелі мамандары қатысты.
Олар академия шәкірттеріне дәріс оқып, ақшаны терроризмге бағыттауға қатысты сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, оны анықтау мен жолын кесудің әдіс-тәсілдері туралы баяндады. Мақсат - ТМД елдерінің құқық қорғау органдарына білікті мамандар даярлау және тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу.
Александр Лукин, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:
Қаржы полициясы 2013 жылы терроризмді қаржыландыруға әрекеттенген жеке тұлғаларға қатысты төрт қылмыстық іс қозғады. Бұдан бөлек, биылғы жылдың қаңтар айында тағы бір қылмыстық іс белгілі болды. Бұл бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр және ол Қаржы полициясы басшылығының назарында болады. Ал бүгінгі жиынды өткізудің өзі осы мәселеге құқық қорғау органдарының кәсіби тұрғыда қарауына мүмкіндік береді.
Досымжан ЕРМҰРАТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21