ТМД елдері лаңкестікпен бірлесіп күресуі тиіс
Бейне қолжетімді емес
Соңғы кездері бүкіл әлемді алаңдатып отырған терроризм сынды қауіпте шекара жоқ. Сондықтан, онымен әрбір ел өз бетінше күрескенше, өзге мемлекеттермен күш біріктіруі тиіс.
Мәскеу қаласында бас қосқан ТМД елдерінің терроризмге қарсы күрес орган басшылары осындай пікір білдірді. Ресей астанасында, арнайы қорғаныс техникаларының көрмесі өтіп, 11 елдің өкілдері алқалы отырысқа қатысты.
Жиын барысында тараптар жоғары технологиялы терроризммен күресудің жолдарын бірлесіп талқылады. Мамандардың айтуынша, білім мен ғылым дамыған сайын лаңкестер де заманауи технологияны өз мақсаттарына жиі қолданатын болған.
Сол себепті қауіп-қатердің алдын алу үшін ақпараттық технологияны қолданудың маңызы зор. Жалпы соңғы жылдары посткеңестік кеңістікте терроризммен бірлесіп күресу ісі, айтарлықтай нәтиже беріп отыр.
Кендебай Адамбеков, ҚР Терроризмге қарсы орталығының штаб бастығы:
Біз ТМД шеңберінде мемлекетаралық іздеу жарияланған қылмыскерлерді табу мәселесінде көп бірлесіп жұмыс істеудеміз. Мысалы, биылдың өзінде біз 30-дан аса адамды өз мемлекеттеріне қайтардық. Олардың ішінде өздерінің мемлекеттерінде лаңкестік бойынша іздеуде жүрген азаматтар болған.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды әлемдегі ауасы ең лас үш қаланың қатарына кірді
04.09.2025, 20:41

Жетісуда 4 пилоттық жоба жүзеге асады
04.09.2025, 20:39
Еліміздегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9 пайызға артқан
04.09.2025, 20:36
Қостанай облысында 18 елді мекен суға субсидия күтіп отыр
04.09.2025, 20:34
Сыр диқандары күрішке орақ салды
04.09.2025, 20:29
Жолдаудың орындалуы: «AMANAT» партиясы Премьер-министрдің ақпаратын тыңдады
04.09.2025, 20:25
Ауғанстанда зілзаладан зардап шеккен аудандар халықаралық көмекке мұқтаж
04.09.2025, 20:10
Израиль азаматтары Газадағы соғысты тоқтатуды талап етті
04.09.2025, 20:09
Banner