Соғыстың 60 күні фильмі жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыстың 60 күні фильмі жарыққа шықты

18.06.2019

«Соғыстың 60 күні». Қазақстандық жауынгерлердің ерен ерлігін баяндайтын деректі фильм осылай деп аталады. Бұл туынды Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қолдауымен, Мәскеудегі Ұлттар үйінде арнайы көрсетілді. Фильм – Қазақ жерінде жасақталып, 1941-ші жылы Мәскеуді қорғауға қатысқан атақты 238-ші, 312-ші және 316-шы қазақстандық дивизиялардың қаһармандығы туралы.

Кинолентаның режиссері Николай Раисов, Ресей Қорғаныс министрлігі мен мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағатының бірегей құжаттарын пайдалана отырып, қазақстандық сарбаздардың ерлігін шынайы бейнелеген.

Мамандардың айтуынша, Соғыс басталған уақыттан бері 78 жыл өтсе де, көптеген тарихи фактілер әлі де ашық айтылмай келеді. Әсіресе, қазақ жауынгерлерінің ерлігі лайықты бағасын алған жоқ. Сондықтан осындай фильмдер, «Ер есімін ел есінде сақтау» үшін қажет.

Талғат Мықтыбаев, Мәскеудегі Қазақ ұлттық мәдени автономиясы төрағасының орынбасары:

Мына жастардың тәрбиесі үшін, өзіміздің, мына елдің есінде қалуы үшін осындай фильмдерді көптеп шығару керек. Соғыс кезінде бір ғана ұлт соғысқан жоқ. Байқасаңыз, Панфилов дивизиясының өзінде қаншама ұлт болды. Соның ішінде біздің қазақтар, ата-бабаларымыз да болды. Сол кісілердің жеңіске деген үлесі өте мықты болған.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу