Түркістанда Елбасының есімі ұлықталған жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда Елбасының есімі ұлықталған жиын өтті

26.03.2019

Түркістанда Елбасының есімі ұлықталған жиын өтті. Мерекелік кеште айтыскер ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері  Біржан Байтуов өлеңмен өрілген құттықтауын жолдады. Есім хан алаңына жиналған 10 мыңдай  көрермен эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады.

Зафар Зұппаров, студент:

Елордамыздың осындай атқа ие болуына  толық негіз бар. Астанамыздың сонау Тәуелсіздік жылдарынан бүгінгі жарқын болашаққа жетелеген Елбасымыздың есімімен аталуы нақты әрі дер кезінде қабылданған шешім деп айта аламын. 

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қостанайлықтар да қолдайды.  Облыстың Федоров ауданында осы тарихи оқиғаға арналған іс-шара  өтті. Концерттік бағдарламаны тамашалаған жұрт «Елбасы еңбегі құрметке лайық», дейді. 

Мәулен Машаев,  мұғалім:

Астана - Н.Ә.Назарбаевтың жетістіктері мен жеңістерінің белгісі. Жаркөл жастары атынан Астана қаласының Нұр-Сұлтан болып өзгеруін қолдайтынымызды жеткіземін. Сол арқылы Елбасының есімі тарихта мәңгі қалғанын қалаймын.  

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

 

Хабарламаларға жазылу