Әйел - қоғам тірегі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әйел - қоғам тірегі

20.03.2019

Екі миллионға тарта халқы бар Түркістан облысындағы әрбір бесінші шаңырақ көпбалалы отбасы екенімен  мақтанады. Ал  мұндай жанұяларды  мемлекет  үнемі қамқорлықпен қолдап, қуаттап келеді. Бұл тұрғыда әсіресе еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша жағдай туғызуы еліміздің кемелді болашағына  негіз қалады, дейді олар.

Альмира - төрт баланың анасы. Тұңғышы мектепті үздік аяқтады. Екінші ұлы қазақ түрік лицейін бітіріп, бүгінде Астанада жоғары білім алып жүр. Кенже қызы шахматпен шұғылданады. Көптеген спорт жарыстарында шебер ойынымен топ жарып жүр. Балаларының осындай жетістігінің барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтқа, ұрпаққа  деген қамқорлығының арқасында,- дейді ол. 

Альмира Ибашева, көпбалалы ана:

Елбасының Жолдауының бәрін қолдап келеміз. Ата ана ретінде  балаларға барлық жағдай жасалған. Мектептер, секциялар, баланы дамытуға арналған орталықтар барлық жағдай жасалған.

Альмира Оңтүстік Қазақстан мемлекет университетінде ұстаздық  етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұғалім мәртебесін көтерудегі еңбегі де ерен, дейді ол. Оқытушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту  ұдайы назарында болды. Білім беру жүйесі жаңа мазмұнға көшті. Интелектісі мықты ұлт қалыптастыру жолында ел аумағында зияткерлік мектептері ашылып, жастар шетелде білім алу мүмкіндігіне ие болды.  

Альмира Ибашева, көпбалалы ана:

Мемлекетті дамытудағы үлесі зор. Ағарту саласында  дәстүрлі оқытудың  жаңа тұрғыдағы оқуға үлкен мүмкіндік берілді. Шетелге барып, оқып келдік мемлекет тарапынан. Бұл туралы бұрындары ойланбайтын едік.

Ана- отбасының, ал отбасы-мемлекеттің тірегі. Қоғамның басты байлығы.  Түркістан облысында Альмира секілді 134 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Оның 51 мыңы «Алтын» және «Күміс алқа» иегері. Мәуелі бәйтеректей болған бұл отбасылар бүгінде ұрпағымен ұлық. Аналар олардың әрбір ісіне, жетістігіне шаттанумен күн кешіп жатыр. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу