Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы 6 ауылдың электр желілері тұтастай жаңартылды. Елді мекендерге түрлі кернеудегі ұзындығы 407 шақырым болатын электр сымы тартылды. Көшелерге 51 тарансформатор орнатылды. Соның арқасында енді бұл елді мекендер жарықтың жиі сөніп қалуы мен сымдардың тұйықталуынан болатын қатерлерден құтылды. Жалпы, соңғы 3 жыл ішінде аудан бойынша 47 елді мекеннің электр желілері жаңартылды. Бұл жұмыстарға облыс қазынасынан 4 миллиард 200 миллион теңгедей қаржы жұмсалды. Соның арқасында аймақ тұрғындарының 80 пайызы бүгінгі таңда жаңартылған желімен үздіксіз электр қуатын тұтынып отыр. Биыл жоспар бойынша жыл соңына дейін тағы 7 ауылдың шіріп қисайған бағаналары, үзіле-үзіле жамау болған сымдары мен алқам-салқам трансформаторлары жаңарады.
Қайрат Әбдуәлиев, Сарыағаш ауданының әкімі:
- Қуаты мықты. Халық саны көп болғандықтан, қосалқы станция мәселесіне де облыс бюджетінен қаржы бөлінді.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.