Түркістан облысының жаңалықтары енді түркітілдес елдердің кеңістігіне де тарайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысының жаңалықтары енді түркітілдес елдердің кеңістігіне де тарайды

01.11.2018

Түркістан облыстық Ішкі саясат басқармасы арасында жасалған келісім бойынша өңір жаңалықтары Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғыз елі мен Татарстанның жетекші ақпарат құралдарында жарияланады. Осы жұмысты жандандыру мақсатында Түркістан қаласында «Түркістан медиа» халықаралық ақпараттық орталығы ашылды. Бұл жұмыстарды жүргізуге Қожа Ахмет Ясауи атындағы университетте оқитын түркітілдес елдердің студенттері ерікті түрде атсалысады. Сондай-ақ, тарихи шаһарға сапарлап келген шетелдік және отандық журналистер де осы орталықтың қызметіне жүгіне алады. Жаңалықтарда негізінен Түркістанның қызықты тарихы мен туристік орындары насихатталады. Журналистика саласындағы жаңа технологияларды меңгеру, тәжірибе алмасу мәселесіне де көңіл бөлінеді. 

Абдулхамит Авшар, «ТРТ» телекомпаниясы Астана өкілдігінің директоры:

- Ақпарат құралдары арасындағы мұндай тығыз байланыс түркі мәдениеті мен руханиятын, бауырлас халықтардың бірлігін нығайтады. Бір-біріне жақындастырады. Сондай-ақ, қазіргідей ақпараттық технологияның қарқынды дамыған кезеңінде жаңашылдықты қатар игеруге, бір-бірінің тәжірибесін үйренуге жол ашады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу