Шымкент қаласында құтқарушыларға ескерткіш ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент қаласында құтқарушыларға ескерткіш ашылды

22.10.2018

Шымкент қаласында төтенше жағдай қызметінде кәсіби міндетін атқарып жүріп қаза болған құтқарушыларға ескерткіш орнатылды. Абай саябағына қойылған тас мүсінде сәбиді апаттан аман алып қалған құтқарушының мүсіні сомдалған. Оның жанына қойылған таста қаза тапқан құтқарушылардың аты-жөні жазылған. Бұл тізімнің басында 1988 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында шыққан өртті ауыздықтау кезінде ерлікпен қаза тапқан Бақыт Алпысбаевтың есімі тұр. Сондай-ақ, ескерткіш тақтаға марқұм болған екі өрт сөндіруші мен «Біркөлік» шатқалында адасып қалған туристі құтқарамын деп шейіт болған азаматтардың да аты-жөндері жазылған. Ерлікті дәріптеуге жиылған марқұмдардың туған туыстары мен әріптестері ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Естеліктер айтты.  

Нұрболат Дербісов, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

- Бұл ескерткіш өсіп келе жатқан жас ұрпаққа керемет өнеге болады деп ойлаймын. Ертең осы жерде барлық шараларды өткіземіз. Жас мамандардың ант қабылдау рәсімі болады. Осындай шаралар арқылы құтқарушылар жұмысын жандандырамыз деп ойлаймын.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу