Шымкентте жас экологтардың слеті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жас экологтардың слеті басталды

04.10.2018

«Менің Отаным – Қазақстан». Осындай атаумен Шымкент қаласында жас экологтардың слеті басталды. Оған шаһар мектептерінен 15 команда қатысуда. Табиғат аясында өткізіліп отырған  шарада оқушылар 5 тапсырма бойынша сынға түсті. Олар алғашында тұсаукесер ретінде экологиялық әлеуметтік жарнама көрсетсе, мұнан соң саяхатшылар әнін шырқады. Сондай-ақ, «Табиғат анамыз, өзіңнен денсаулық аламыз», «Экологиялық марафон» тақырыптарында ақыл-ой мен білім жарыстырды. Байқау соңы спорттық эстафетаға ұласқан. Мектеп оқушылары арасында жыл сайын өткізілетін слет жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, олардың назарын экологиялық проблемаларға аудартуды мақсат тұтады. Слет балалардың жас ерекшелігіне сай ұйымдастырылған тапсырмалар, танымдық ойындар қызықты болуымен және жаңашылдығымен ерекшеленіп отыр. Табиғат жанашырларының жиыны үш күнге созылмақ.   

Ұлжан Қамытбекова, Шымкент қаласы Білім басқармасы экологиялық орталығының директоры:

- Саламатты өмір салтын қалыптастыруды да қарастырып жатырмыз. Біздің жас ұрпақ туған жерге, табиғатқа жанашырлықпен қарап, оған белсене атсалысып, өзінің патриоттық сезіміне көңіл аударса екен деген үмітпен жыл сайын осындай үлкен шаралар өткіземіз.  

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу