Осылайша, телеарна хабарларын Түркістан облысы мен Шымкент қаласында тұратын 3 миллион тұрғын тамашалай алады. Құрылғанына 28 жыл болған ақпарат құралы биылғы жаңа маусымда көрерменге жаңа 6 хабар ұсынып отыр.
«Сазқоңыр», «Еңбек адамы», «Көзайым», «Эконом - инфо», «Білімділер алаңы» хабарлары апта сайын эфирге шықса, «Түркістан тынысы» күнделікті аймақ жаңалықтарынан көрерменді құлағдар етеді.
Жалпы, «Оңтүстік» телеөнімінің 90 пайызы - мемлекеттік тілде. Мұнан бөлек, орыс және өзбек тілдерінде ақпарат таратады. Тәулігіне 18 сағат тоқтаусыз жұмыс істейді. Телебағдарламалардың 80 пайызы - өз өнімі.
Бұл көрсеткіш бойынша арна республикадағы филиалдар арасында көш бастап тұр. «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Серік Егізбаевтың қатысуымен Түркістан қаласында жаңа маусымның ресми ашылуы салтанаты өтті.
Серік Егізбаев «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
- Біздің корпорацияның құрамында 14 филиал бар. Әрбір филиал өздерінің бағдарламаларын дайындады. Жалпы, республика бойынша көрерменге 100-ге жуық жаңа бағдарламалар ұсынғалы отырмыз.
Ғани ҚАЛМАХАНОВ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.