Кедендегі көлеңкелі істен қазынаға 90 миллион теңге пайда түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендегі көлеңкелі істен қазынаға 90 миллион теңге пайда түсті

04.09.2018

Түркістан облысының шекаралық аймақтарында кедендік рәсімдеу ісінде әлі де болса заңбұзушылық тыйылмай отыр. Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері жыл басынан бері шетелдерге тауар тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлік құрылымдарының жұмысына 27 рет камералды және көшпелі тексеріс жүргізген. Нәтижесінде бірқатар заң бұзу фактілері анықталып, қазынаға 90 миллион 400 мың теңге айыппұл өндірілді. Жауапқа тартылған кәсіпкерлер кедендік рәсімдеу кезінде көбіне тауар құнын әдейі дұрыс көрсетпеген, ол туралы мәліметтерді бұрмалаған. Сол арқылы құн салығын толық өтеуден жалтарған. Жалпы, пост кедендік бақылау басқармасы осындай әрекеттерді әшкерелеу мақсатында өткен жылы 40 рет тексеріс жүргізіп, қазынаға 128 миллион теңге пайда келтірген.  

Ғалымжан Аязов, Мемлекеттік кірістер департаменті пост кедендік бақылау басқармасының басшысы:

- Есепке алынған тауарлардың өзіндік тәртібі бар. Солар бұзылған. Одан соң декларацияда көрсетілген ақпарат жалған берілген. Тағы басқа да заңбұзушылықтың кесірінен осы ақша бюджетке қосымша алынып отыр.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу