Елордада АҚШ-тан келген хореографтар шеберлік сабақтарын жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада АҚШ-тан келген хореографтар шеберлік сабақтарын жүргізуде

27.07.2018

Орталық Азия елдерінің бишілері батыстық би мәнерінің заманауи түрлерін меңгеруде. Осыған орай, мемлекеттердің мың бұралған өнерпаздары Астанада бас қосты. Шараның аясында шеберлік сабақтары өтіп жатыр.  Астана қаласында алғаш рет өтетін фестивальға Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан елінің талантты бишілері жиналды. 

Екі апталық  шеберлік сабақтарын АҚШ-тан келген Пилкингтон Кэтрин, Комптон Тара сынды әйгілі хореографтар жүргізуде. Ұйымдастырушылар шеберлік сабақтарынан соң халыққа заманауи балет бағытындағы «Falling Man» атты қойылымды ұсынады. Екі апталық шара байланысты арттырып, тәжірибе алмасуға негіз болмақ. 

Мерей Зейнеш, ұйымдастырушы:

- Осы фестивальдің бір ерекшелігі қатысушылар  «Falling Man» қойылымын екі аптада дайындап шықты. Тіпті, қазірдің өзінде спектакльге дайындық қызу жүріп жатыр, бишілер күнделікті кешкі тоғызға дейін жаттығуда.

Мөлдір ЕРНАЗАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу